|
|
 |
|
 |
| |
Құрметті cайтқа келушілер!

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының сайтына қош келдіңіздер!
Біздің сайт өзінің қызметін ашықтық, жариялалық, қол жетімділік және қоғаммен диалог, кез-келген құрылыммен өзара әрекеттесу принциптерінде құрайды.
Біздің сайт алдымен сот жүйесінің беделін көтеруге, азаматтардын құқықтық мәдениеті мен құқықтық тәрбиесін көтеруге, азаматтарды облыс соттары жұмысының жетістектері жөнінде хабардар етуге, әділеттілікті және заң сыйлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Соттын тарихы, сот құрамы және басқа да Сіздерді қызықтыратын ақпаратты сайттың арнайы бөлімдерінен таба аласыздар.
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының төрағасы: Қайрат Күнесбекұлы Шағатаев
Телефон номерлері 8-(7212)-46-34-09 Төрағаның қабылдау бөлмесі 8-(7212)-31-11-03 күзет
e-mail:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
банк реквизиттері: есеп шоты 080900 коды 10
|
|
 |
|
 |
|
 |
|
 |
| |
Жеңіс күнімен құттықтады
Ұлы Жеңістің 67-жылдығына орай 8-мамыр 2012 жылы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының төрағасы Қ.К.Шағатаев пен судья Д.Қ. Бекішев тыл еңбеккері, сот саласының ардагері Т.Әлмүсинді үйіне барып құттықтады.
Соғыс және соғыстан кейінгі күйзеліс жылдары Т.Әлмүсин бар ауыртпалықты иығымен көтеріп Жеңісті жақындатуға абзал еңбек етті.
30 жыл бойы Қарағанды облысы Мемлекеттік арбитражын басқарған Төкім-аға «Ұлы Отан Соғысы кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарімен марапатталған, «Үш би» белгісінің иегері, Қазақ ССР-нің еңбек сінірген заңгері.
Құрметті ақсақалға қонақтар сый-сияпат білдіріп, денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Сол ұрейлі жылдары Жеңіс үшін күрескен ардагерлерімізді әрдайым қастерлеп, құрметтеп өту біз үшін абыройлы парыз.
2012ж. 4 айындағы жұмыс қорытындыланды
02.05.2012ж. сағат 15-00-де Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында, сот төрағасы бекіткен кестеге сәйкес, БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифингке «Вестник Фемиды» газетінің өкілі А.Сейтпенбетова қатысты.
Сот төрағасы 2012 жылдың 4 айындағы жұмыс нәтижелерін баяндап, статистикалық мәліметтерді келтірді. Судья Д.Қ.Бекішев өзекті және коғам тарапынан қызығушылық тудырған 3 іс бойынша қысқаша ақпаратты баяндады:
- азамат К-ның Қазақстан Республикасы Укіметінің 010 қоры Қаржы Министрлігінің Бюджет бағдарламаларының Әкімшісіне заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталғаны және бас бостандығынан айырылғаны үшін келтірілген моральдік залал және материалдық шығынды өтеу жөніндегі азаматтық іс туралы;
- ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-бөлімі «г» тармағы, 28-бабы 4-бөлімі, 312-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін азамат М-ны айыптау жөніндегі қылмыстық іс туралы;
- азамат С-ты бөтен адамның ҚСРО уақытында берілген медальдарын ұрлағаны үшін ҚР ҚК-нің 323-бабы 1-бөлімі бойынша айыптау жөніндегі қылмыстық іс туралы.
Келесі брифингті 2012ж. 1-маусымда өткізу жоспарланған.
Несие бойынша қарызды өндіру және кепілдегі мүлікке өндіруді аудару мәселелері талқыланды
27.04.2012ж. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында Оқу бөлмесінің жұмысы және WEB-сайтпен жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес «Нұрбанк» АҚ, «Банк Центркредит» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ және Жаңа Майқұдық аумақтық бөлімінің сот орындаушыларының қатысуымен «Несие бойынша қарызды өндіру және кепілдегі мүлікке өндіруді аудару мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар кепілдегі мүлікті сот және соттан тыс өткізу, өсімпұл мен тұрақсыздық айыбын өндіру, қарызды шетел валютасында өндіру, талап арыздарды сотқа уақытында жолдау, сот шешімдерінің нақты орындалуы мәселелерін көтерді.
Судья И.Д. Сагаев қатысушылардың назарын сотқа жолданатын құжаттарды дұрыс рәсімдеу қажеттілігіне аударып, қосымша тіркелуге тиісті құжаттарды атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысқан банк өкілдеріне несие келісім шартын дайындау кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң ұстану және қарыз алушыға оның талаптарын түсіндіру, сот сұратуларын заңда көрсетілген мерзімдерде орындау, кәсіби деңгейлерін үнемі жоғарлатып отыру ұсынылды.
Медиаторлармен кездесу өткізілді
16.04.2012ж. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында «Синергия» ҚБ «Достасу» бітімгерлік және құқық орталығының кәсіби медиаторларымен кездесу өтті. Кездесуге Қарағанды қаласы Октябрь ауданы прокурорының көмекшілері А.К. Тельгарина мен К.А.Мустафин, Қарағанды қаласы ІІБ Жаңа Майқұдық ПБ-нің анықтау бөлімінің бастығы Ж.Ж.Житебаев және тергеу бөлімі бастығының орынбасары А.А.Акылбаев, Қарағанды қаласы ІІБ Октябрь ПБ-нің бөлімше бастығының орынбасары А.Р. Меллятов және тергеуші А.В.Косов, Костенко атындағы шахтаның кәсіби одағының төрағасы К.Ш.Жангожаев, №1 заң консультациясының төрағасы Н.В.Кочетова және №2 заң консультациясының адвокаты А.К.Сулейменова, судьялар мен сот мамандары қатысты.
Кәсіби медиаторлар Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының негізгі қағидаларын түсіндірді, осы Заңның іске асырылуы мен 9 айда атқарылған жұмыс нәтижелері жөнінде баяндады және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында қысқаметражды фильм көрсетілді және ақпараттық буклеттер таратылды.
Баспасөз-конференция өткізілді
02.04.2012ж. сағат 15-00-де Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында, сот төрағасы бекіткен кестеге сәйкес, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз-конференция өткізілді. Баспасөз конференцияға «Новый вестник» газетінің өкілі Е.Братухина және «Вестник Фемиды» газетінің өкілі А.Сейтпенбетова қатысты.
Сот төрағасының міндетін атқарушы И.Д.Сагаев 2012 жылдың 3 айы бойынша жұмыс нәтижелерін баяндап, статистикалық мәліметтерді келтірді.
Судья Д.Қ.Бекішев қаралған және сот өндірісіндегі коғам пікірін туғызатын істер жөнінде баяндады. Журналистер Қарағанды қаласы прокурорының азамат К-ға және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне берілген дипломды заңсыз деп тану жөніндегі талап арызы бойынша қозғалған азаматтық істің аяқталуы жөніндегі ақпаратқа аса назар аударды.
Судья Д.Қ.Бекішев сотқа азамат К-ның Қазақстан Республикасы Укіметінің 010 қоры Қаржы Министрлігінің Бюджет бағдарламаларының Әкімшісіне келтірілген моральдік залал және материалдық шығынды 20 000 000 тенге мөлшерінде өтеу туралы талап арызы түскені туралы да айтып өтті.
Келесі баспасөз – конференцияны 2012 ж. 1-шілдеде өткізу жоспарланған.
Дөнгелек үстел өткізілді
03.04.2012 ж. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану туралы 2012 жылға арналған жоспардың 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік тілде іс жүргізуді қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдар арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды қаласы Октябрь аудандық прокурорының көмекшісі К.Мұстафин, Қарағанды қаласы №2 Заң консультациясының адвокаты В.Овчинников, Қарағанды облысы ІІД-нің өкілі А.Сасин, «Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің өкілі Н.Блялов, «Қарағанды қаласы білім беру бөлімі» ММ-нің өкілі С.Искакова, «МТК Плюс» ЖШС-нің өкілі З.Канапина, «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің өкілі Р.Шакабаев, «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС-нің өкілі К.Дюсенбаев, «Горкомтранс» ЖШС-нің өкілі О.Иманкулов, соттың кеңсе меңгерушісі А.Сапарғалиева қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын судья Д.С. Нығметжанов басқарды. Қатысушылар өздері еңбек етіп жатқан мекемелердегі мемлекеттік тілді іс қағаздарын жүргізуге енгізу және дамыту жағдайын қысқаша баяндап, тақырып бойынша пікірлерімен бөлісті.
Жұмыс қорытындысы бойынша қатысқан мемлекеттік орган өкілдеріне мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануды нығайту, бұл бағыттағы жұмысты БАҚ-да насихаттау ұсынылды. Сонымен қатар, сотқа сұрау хаттарды, ақпарат хаттарды және басқа да хат-хабарды мемлекеттік және орыс тілінде жолдау, талап арызды мемлекет тілінде жолдау жағдайында сенім хаттарды да мемлекеттік тілде тапсыру ұсынылды.
28.03.2012ж.Дөңгелек үстел
28.03.2012ж. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында прокуратура, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Қарағанды облыстық филиалы, Қарағанды қаласының Октябрь ПБ, Қарағанды қаласының Жаңа-Майқұдық ПБ, Қарағанды қаласының Октябрь ауданының АХАЖ бөлімінің қатысуымен «Азаматты хабар-ошарсыз деп тану және азаматты өлген деп тану» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді.
Дөңгелек үстел өткізу негізгі мақсаты – аталған санаттағы азаматтық істер бойынша біркелкі қалыпты қарау тәжірибе шығару.
Дөңгелек үстелдің жұмысын судья Н.Т.Абылханов жүргізді. Судья тақырып бойынша баяндама оқыды. Дөңгелек үстел барысында жоғарыда аталған мемлекеттік органдарының өкілдерімен және судья Н.Т.Абылханов, И.Д.Сагаевпен аталған тақырып бойынша іздеуге салған іс-шаралар жөнінде сұрақтар талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара туындаған сұрақтар мен мәселелер бойынша өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер арасында жасалатын жұмысы бойынша ақпарат жедел түрде қаралып берілуі ұсынылды.
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы – жер бетіндегі ежелгі мейрамдардың бірі. Бұл мейрам бес мың жылдық тарихы бар, көктем мен жаңару мерекесі ретінде тойланып келеді.
Наурыз мейрамы шығыс халқында мұсылмандықты қабылдамас бұрын тойлана бастаған, сондықтан да діни мейрам болым саналмайды. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – жыл басы көктемгі күн мен түннің теңесуіне дәл келеді.
2012 жылдың 20-наурызында Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты ұжымында «Наурыз мейрамы» атты мерекелік шара өткізілді.
Сот төрағасы Қ.К.Шағатаев барлық судьялар мен мамандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, табыс тіледі.
Судьялар мен мамандардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, Ш.Қалдаяқовтың әндері, Құрманғазы мен С.Тұрысбековтың күйлері, тағы да басқа халық әндері шырқалды.
Сот мамандары ұлттық тағамдарға бай дастархан жайды, дастарханның ең басты мәзірі «наурыз көже» болды.
Дөңгелек үстел өткізілді

16.03.2012ж. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында Оқу бөлмесінің жұмысы және WEB-сайтпен жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес Қарағанды қаласы Октябрь ауданының Әкімдігі, прокуратура, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Қарағандық облыстық филиалы, «Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-і, Қарағанды облысы Азаматтарға қызмет көрсету орталығының №4 филиалы, жеке нотариустардың қатысуымен «Азаматтық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді.
Дөңгелек үстел өткізу мақсаты – аталған органдардың қатысуымен қаралатын азаматтық істер бойынша біркелкі тәжірибе шығару.
Дөңгелек үстелдің жұмысын судья И.Д. Сагаев басқарды. Судья И.Л. Демидова тақыорып бойынша баяндама оқыды. Дөңгелек үстел барысында мұраны иесіз деп тану, пәтерді иесіз деп тану, азаматты хабар-ошарсыз деп тану туралы, тұрғын үй қатынастарымен байланысты және басқа да сұрақтар көтерілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара туындаған мәселелерді айтып, шешу жолдарын ұсынды.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сот процесстеріне қатысу барысында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтану, сот сұратуларын заңда көрсетілген мерзімдерде орындау, кәсіби деңгейлерін жоғарлату ұсынылды.
«Дөңгелек үстел» өткізу барысында қатысушылармен Қазақстан Республикасының 2010-2020ж.ж. құқықтық саясат тұжырымдамасының негізгі беталысы талқыланып, түсіндірілді. Октябрь аумақтық бөлімнің сот орындаушысы А.С.Абдрахманов баяндама оқыды.
Сот және сот орындаушылары өзара қарым-қатынас жүргізу барысында туындайтын мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын табу «Дөңгелек үстелдін» бірталай уақытын алды.Судья Б.Б.
Мухатжанова барлық көкейтесті сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды соттың жедел мәжілісінде судьяларға жеткізді.
Мәжіліс өткізілді

15.03.2012ж. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында Қарағанды облыстық соты апелляциялық сот алқасының төрағасы Ж.К.Сейдалинамен мәжіліс өткізілді. Мәжіліске Қарағанды облыстық сотының судьясы В.Д. Маркович және Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының судьялары қатысты.
Өткізілген шараның мақсаты - азаматтық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер мен қолданыстағы заңнаманы тәжірибелік пайдалануды талқылау.
Судьялар тұрғын үй заңнамасын дұрыс қолдану туралы, көлік құралын жүргізу құқығынан айыру туралы азаматтық істерді қарау тәртібі туралы, Қазақстан Республикасы «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 57-бабын қолдану туралы, істердің соттылығын анықтау туралы мәселелерді көтеріп, алқа төрағасы мен облыстық сот судьясынан қажетті мәлімдеме алды.
Өткізілген мәжіліс қорытындысы бойынша облыстық сот басшылығы талқыланған мәселелерді назарға алуды ұсынып, сот істерін жүргізу барысында заңнаманы дұрыс пайдалануды ескертті.
2012 ж. ақпан айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді
01.03.2012ж. сағат 15-00-де Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында, сот төрағасы бекіткен кестеге сәйкес, БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифингке «Вестник Фемиды» газетінің өкілі А.Сейтпенбетова қатысты.
Подробнее...
|
|
 |
|
 |
|
|
 |
|
 |
| |
Құрметтті сайтқа келушілер !
Қарағанды облыстық сотымен жасырын түрде сот процесіне қатысушыларға арналған сот қызметі және судьяларға қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізілуде. Сот қауымы үшін қоғамның пікірі аса маңызды.
Сіздерді осы аталған сауалнаманы толтыруға шақырамыз. сауалнаманы енгізу.
Құрметті әлеумет, сіздердің ой-пікірлеріңіз сот қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз етуге және сот төрелігін сапасын арттыруға көп үлесін тигізетіні сөзсіз
|
|
 |
|
 |
|